jasqazaq.kz

Педагогты артық жұмысқа жеккендер айыппұл төлейді

14 маусым 2019, 11:49


Үкімет отырыстарында «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғану құқығы берілетіні бірнеше рет айтылған болатын.

ҚазАқпарат  жазғандай, ондайға жол берген тұлғаларға қандай жаза берлетінін білу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнайы сауал жолдады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагогты кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмысқа тартуға тыйым салатын арнайы бап қарастырылған. «Педагог өзінің кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылатын болса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Бірінші рет мұғалімнің құқығы бұзылған жағдайда — ескерту, екінші рет қайталанса — айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі әлі қарастырылуда», — делінген мнистрліктің ресми жауабында. Ведомство мамандарының айтуынша, аталмыш заң жобасы қазіргі уақытта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың келісуінде жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде