jasqazaq.kz

90-ға жуық несие беретін ұйым лицензиясынан айырылды

07 маусым 2024, 15:27


Былтыр микрокредит беретін ұйымдарға 155 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

«Агенттік микрокредит беру субъектілерінің қызметін тұрақты түрде тексереді. Мәселен, 2023 жылы 370 тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 198 қадағалау шарасы қабылданды, 155 млн теңге сомасына 529 айыппұл салынды», — деді О.Қизатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда микроқаржы ұйымдарының 60 күн қарыз төленбесе де микрокредиттер беруі, есептеу талаптарын бұзуы, кредиттік бюроға ақпаратты уақытылы ұсынбауы және сыйақының шекті мөлшерлемесінен асып кетуі сияқты кемшіліктері анықталды.
«Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 88 микрокредит беру субъектісі, оның ішінде 16-сы мәжбүрлі түрде лицензиясынан айырылды», — деді агенттік өкілі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі