jasqazaq.kz

90%-ға тозған: Қазақстанның үш қаласында жылу желілерін қалпына келтіруге 9 млрд теңге бөлінді

12 маусым 2024, 10:01

Премьер-Министр Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға Үкімет резервінен 9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды.

Үкімет таратқан хабарламаға сәйкес,  Павлодарда (3,6 млрд теңге) ұзындығы 2,5 шақырым болатын ТМ-13 жылу магистралі салынады. Бұл 41,5 мың адам тұратын Павлов – Шевченко – Катаев көшелері орналасқан аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екібастұзда жалпы ұзындығы шамамен 4 шақырым (3,6 млрд теңге) болатын ТМ-1 және ТМ-3 жылу магистральдарының учаскелері реконструкцияланады. Осы жұмыстың арқасында жаңа тұрғын үйлерді, әлеуметтік мекемелерді, шағын және орта бизнес нысандарын қосу көзделген. Бұл 2 мыңнан астам адамды қамтиды.

Қалған 1,8 млрд теңге Ақсудағы №3,5 және 8 ықшам аудандарда орналасқан, ұзындығы 4,3 шақырым болатын орамішілік жылу желілерін қайта жаңартуға аударылады. Соңғы 2 жылда аталған учаскелерде 40-тан астам ақау тіркелген. Реконструкция жұмысы 1,5 мыңнан астам жергілікті тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда Павлодарда жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 828,1 км (орташа тозу – 82,8%), Екібастұзда – 422,5 км (90,7%), Ақсуда – 99,1 км (59%) құрайды. Техникалық тексеру нәтижелері бойынша шұғыл жұмыстар жүргізілуі тиіс, тозу деңгейі аса жоғары 4 учаске анықталды.

Осыған дейін Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-сын одан әрі жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөлу туралы Үкімет қаулысына қол қойған болатын.

Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Кентау, Риддер және Қызылорда жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге, Риддер жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат және Көкшетау қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге аударылған болатын.

Сурет: primeminister.kz

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі