jasqazaq.kz

86 жастағы әжейдің биі жұртты таңқалдырды (видео)

29 наурыз 2017, 9:39

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойына орай «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты өнер байқауының гала-концерті өтті.

Концертке қатысушылардың ең үлкенінің жасы 86-да. Гала-концертте қариялар өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Облыстың түкпір-түкпірінен келген ардагерлер ұлттық би билеп, ән салды, сиқыр көрсетті. Олардың хормен салған әндері, оркестрмен орындалған композициялары да әсерлі шықты.

Бұл туралы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, stan.kz хабарлады.

Жамбыл ауданының тұрғыны 86 жастағы Үмітжан Ботбаева қазақтың ұлттық биін билеп, көрермендерді тамсантты. Үмітжан апа – Жамбыл аудандық ардагерлер ансамблінің бишісі.

Облыс əкімі Амандық Баталов та Үмітжан апаның биіне тəнті екенін жеткізді.

“Жастарыңыздың ұлғайғанына қарамастан бойларыңыздағы күш-қуат, өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз жастарға үлгі болып қана қоймай, оларды рухани жағынан байыта түсті. Мұндай концерттерді облыстың әр аумағында өткізуге болады. Біз тіпті сіздердің республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларда көрсететін өнерлеріңізге қолдау көрсетуге дайынбыз”- деді ардагерлерді құттықтаған өңір басшысы Баталов.

Гала-концертті Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов тамашалап, қарияларды шын жүректен құттықтады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде