jasqazaq.kz

78 курсант алғаш рет дауыс берді

06 қазан 2024, 11:05


Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 591 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 13-і – жабық түрде дауыс беруге арналған учаске. Соның бірі Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында орналасқан.


Ел болашағына байланысты маңызды саяси оқиғадан тыс қаллмаған курсанттар алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Қызметтің ерекше тәртібіне байланысты №655 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды. Айта кетейік, басқа учаскелер сағат 06.00-де ашылып, даыс беру таңғы 07.00-де басталған болатын. Учаске Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.


Академияда орналасқан учаскеде бірінші болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының бастығы полковник Артур Токушев Артур дауыс берді.


Ұлттық ұланы академиясы баспасөз қызметінің бастығы, қатардағы Маржан Талапкердің айтуынша, осы жабық сайлау учаскесінде барлыгы 569 курсант және 27 әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады. Соның ішінде 78 курсант биыл бірінші рет конституциялық құқығын жүзеге асырды.
Роза Шәкенова,
Солтүстік Қазақстан облысы.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі