jasqazaq.kz

77 миллион теңгеден астам табыс тапты: Маңғыстауда заңсыз ойынхана анықталды

24 ақпан 2025, 9:41

Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Маңғыстау облысының Департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

«Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты», — делінген хабарламада.

Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сурет: Видеодан кадр

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі