jasqazaq.kz

757 миллион теңге жымқырғандар сотталды

05 шiлде 2023, 11:11

Астанада халықтың 757 млн теңге ақшасын жымқырған қаржы пирамидасының басшылары 5-тен 7 жылға дейін сотталды. Бұл туралы бас қаланың аудандық соты мәлімдеді.

4 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «World Business Consulting» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты іс қаралды. .
Сотта анықталғандай, М., К.және Н. 2018 – 2022 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен. Олар азаматтардың жалпы сомасы 757 млн теңгені құрайтын аса ірі көлемдегі ақшасын тартқан.
«Іс бойынша Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 83 тұрғын зардап шегуші болып танылды.
Сотталушылардың кінәсі зардап шегушілер мен куәгерлердің жауабымен, аудиторлық есеп пен келісімшарттармен, сондай-ақ зардап шегушілердің қаржы пирамидасына ақша салғанын дәлелдейтін өзге де құжаттармен расталғаны» жазылған мәліметте.
Сот үкімімен М., К. және Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша (Қаржы пирамидасын құру) кінәлі деп танылды. М. және К. 6 жыл 8 айға, Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың сондай-ақ қаржы ұйымдарында басшылық қызметтер атқару қықығы шектелді.
«Зардап шегушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп жазылған сот хабарламасында.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық