jasqazaq.kz

75 мың бума темекі тәркіленді

25 тамыз 2016, 1:06

20160824220832

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері контрафактілік өнімерді сатумен айналысқан Қазақстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері контрафактілік өнімерді сатумен айналысқан Қазақстан азаматтарын ұстады. Бұл азаматтар «Сайран» автовокзалында тиісті акциздік маркасы жоқ, тауарлар сатқан. Тексеру барысында Алматы-Шымкент бағытында жүретін автобустың жүксалғышынан «Winston» маркалы 45 000 бума темекі өнімдері бар 90 қорап табылып, тәркіленді. Одан басқа, «Газель» маркалы автокөліктің ішінен 60 қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 30 000 бума «Winston» маркалы темекі өнімдері болған. Осылайша, барлығы — 75 мың бума «Winston» маркалы контрафактілік темекі өнімдері тәркіледі. Оларда тек Қырғызстан Республикасының акциздік маркасы болған», — делінген хабарламада.

Бұл құқықбұзушылық әрекет Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазіргі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде