jasqazaq.kz

72 жастағы кейуана: Ол маған сөз айтты, мен «иә» дедім

22 желтоқсан 2023, 11:25


Шымкентте 74 жастағы ата мен 72-дегі әже үйленіп, заңды некеге отырды.
Оtyrar.kz жазғандай, Нәйлә Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмағани екен. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.
«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен «иә» дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар»,- дейді кейуана.
Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.
«Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкент қаласында 3 белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді»,- Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.
Ұзақ өмір сүру орталықтарында құжат тапсыру арқылы тегін ем-дом алуға болады. Сонымен қатар,мұнда ерекше жандармен жұмыс істейтін оңалту орталықтары да ашылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі