jasqazaq.kz

7 жастағы баланы зорлады деген күдікті қамауға алынды

06 қараша 2023, 11:16


Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында 60 жастағы ер адам 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікке ілінді. Алматы облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады, дееп хөабарлайды кazinform. Айтуынша, құқық қорғау органдарына кішкентай баланың анасы шағым түсірген.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабының («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 4-бөлігі бойынша Қарасай аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексеру тағайындалды.
«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу») шеңберінде жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі