jasqazaq.kz

7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісі құрықталды

24 қараша 2023, 14:40


Түркістан полициясы 7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады. Polisia.kz хабарлағандай, Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алу бойынша әкімшілік айыппұлдарға қатысты берешегі бар автокөлік құралдарының жүргізушілерін анықтауды жалғастыруда. Мәселен Жедел басқару орталығынан полицейлерге “Қорғау” жүйесіне Кia Rio көлігіне қатысты дабыл келіп түсті. Анықталғандай, көлікте 7,5 миллион теңгеден астам берешек болған. Патрульдік полиция инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған автокөлігін Алматы – Ташкент – Термез тас жолынан анықтап, тоқтатты. Полицейлер автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы түсіндірді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі