jasqazaq.kz

7 203 ата-ана жауапкершілікке тартылды

18 мамыр 2023, 13:59

Былтыр бала алдындағы өз міндетін орындамаған 7 203 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.

«Ресми деректер ата-аналардың міндеттерін орындамауына байланысыты әкімшілік құқықбұзушылық санының артқанын көрсетіп отыр. Атап айтсақ, 2022 жылы 7 203 ата-ана осындай әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған. Ал, 2021 жылы 5 мыңнан аса осындай деректер тіркелген. Сонымен қатар, қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. 2022 жылы 39 адам балаларға қатысты құқық бұзушылықты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілкке тартылған. Алайда, жасыру фактілері жалғасып жатыр. Министрлікке мыңнан аса осындай жасыру фактілері бойынша ақпараттар келіп түседі», — деді вице-министр. Бұл мәселені шешу ата-аналардың жауапкершілігін күшейту арқылы іске асатынын жеткізді оқу-ағарту министрінің орынбасары. Еділ Оспан қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепте тұрғанын да айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі