jasqazaq.kz

62 том: Шерзат Болаттың ісіне қатысты тергеу аяқталды

27 ақпан 2025, 10:03

Өткен жылы қазанда мерт болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше,  екі жақтың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған.

Тергеу кезінде 40 сот сараптамасы жүргізіліп,  200 шақты куәгерден жауап алынған. Күдіктілердің  жауабы  тексерілді, процеске қатысушыларды  бір-бірімен беттестерді.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 том болды. Оның ішінде жинақталған барлық дәлелдеме, сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамасы және басқа да маңызды материалдар бар.

Облыстық полиция тергеудің барысы және процеске қатысушылардың конституциялық құқығының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болғанын атап өтті.

JQ-Aqparat

Сурет: inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі