jasqazaq.kz

600-ге жуық шымкенттік тұрғын үй субсидиясын алған

31 наурыз 2023, 10:56

Тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек. Бағдарлама іске қосылғалы 572 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленуде.

Бұл көмек түрін 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар ала алады.

Субсидия отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 айдағы орташа жиынтық табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспаған жағдайда беріледі.
Үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Сонымен бірге, 2021-2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша халықты баспанамен қамтуда 5 мыңға жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізді. Оның ішінде тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім-және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, бұдан бөлек жұмысшы жастар және несиелік негіздегі бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.

Ал ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі кезегі келген әр түрлі санаттар бойынша 324 отбасы және 888 азамат жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша арендалық пәтермен қамтылмақ . Сондай ақ 1641 пәтер Отбасы банкі арқылы несиелік бағытта үлестірілетін болады.

Аталған Ұлттық жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағыттарын біріктіреді. Ұлттық жобаның мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар болып табылады.

Жоба аясында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөндеу секілді өзекті мәселелердің шешілуі қарастырлған. 2021 – 2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша 100-ге жуық тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы 40 көпқабатты тұрғын үйге қажетті деп табылған жөндеу жұмыстары жасалынбақ.

Айта кетсек, биыл ақпанда Шымкентте «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылып, бірінші кезеңде 150 адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл бағдарламаның басқа да тұрғын үй бағдарламаларынан негізгі ерекшелігі – тұрғын үй кезегіне тұру бойынша арнайы санаттарға жатпайтын азаматтарға жеңілдетілген пайызбен ипотекаға пәтер беруді қарастырады.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата