jasqazaq.kz

60 млн теңге. Абай облысында жұртты алдаған алаяқ сотталды

05 қантар 2024, 15:46

Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды. Polisia.kz хабарлағандай, Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны азаматтарға өзін сот орындаушысы ретінде көрсетіп, кепілге салынған пәтерлерді банктен төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде береді. Үй сатып алу үшін ол тұрғындарды бастапқы сомамен инвестициялау қажеттігі туралы сендірген. Адамдар сеніп, 2 млн теңгеден 13 млн теңгеге дейінгі мөлшерде ақша салған. Осылайша, ер адам 14 семейлікті алдап, оларға жалпы сомасы 59 млн теңге материалдық шығын келтірді. Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

– Қазіргі уақытта сотталған А. есімді азамат өзінің кінәсін түсініп, түзу жолға түсуге шешім қабылдады. Бүгінгі таңда сотталған А. ЖК-де ағаштан бұйымдар жасау үшін мекеменің өнеркәсіптік аймағына жұмысқа орналасқан. Ол жалақысын ала отырып, жәбірленушілерге талап-арыз өтеп отыр, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нурболат Сапарғалиев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі