jasqazaq.kz

6 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды

12 тамыз 2016, 16:57

Көкшетауда қоғамның наразылығын тудырған екі қылмысты облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ашқан.

Оның бірі 2010 жылдың тамызында Көкшетау қаласындағы лимонад цехының екі күзетшісінің өлімі болса, екіншісі 2009 жылдың қыркүйек айында орын алған «Сұнқар» аңшылық дүкенінен ұрланған бірнеше қаруға қатысты қылмыс.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетсек, 2009 жылдың 17 қыркүйегінде Көкшетау қаласындағы «Сұнқар» аңшылық дүкенінің аумағына белгісіз бірнеше адам кіріп, терезе арқылы карабин, винтовка, пневматикалық пистолет, оқ-дәрі тәрізді бірнеше қару түрлерін қолды қылған болатын. Сол кезде, аталған қылмысқа байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 255-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Кейін араға тура бір жыл салып 2010 жылдың тамызында Көкшетау қаласындағы лимонад цехының екі күзетшісі өлтірілді. Онда күдіктілер «автоқалашық» шағын ауданында орналасқан лимонад цехының аумағына кіріп, екі күзетшіні атып өлтіріп, 600 мың теңге ақшаны қолды қылады.

Сараптама кезінде күзетшілердің «Сұнқар» аңшылық дүкенінен ұрланған қарудан атып өлтірілгені анықталды. Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлімі бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қоғамның наразылығын тудырған екі қылмыстың беті 5-6 жыл өткен соң ғана ашылып отыр.

Биыл мамыр айында облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері белгісіз қарудан жасырын оқ атқан күдіктілерді қолға түсіреді. Күдіктілерді ұстауда олар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті. Осыған байланысты олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін тексере келгенде, күдіктілердің 2009 және 2010 жылдары орын алған қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді.

Қазіргі кезде 31 және 32 жастағы үш күдікті ұсталып, олар кінәсін мойындап отыр.

365info

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде