
Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдікті құрықталды. Бұл туралы tumba.kzсайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
ІІД күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Ер адамды 23 тамыз күні Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінен ұстаған.
«Іздеуде жүрген ер адам қолға түсті. Құқық қорғаушы органдардың қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – дейді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.
Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы «Иваныч» дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.
Алайда ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.
Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Күдіктінің фотороботы жасалды.