jasqazaq.kz

6 пәтерін жалға беріп, ақшасын Ресейге жібереді

18 қантар 2017, 13:16

Мен тұратын көпқабатты үйдің екінші подъезіндегі бір пәтерде орыс кемпір тұрады.

Айтайын дегенім, 78 жастағы осы әжей жалғыз ұлының Ресейде тұратын отбасын беймарал асырап отыр. Қалай дейсіз ғой?

Сол подъезде кемпірдің 6 пәтері бар. Әрқайсысы екі бөлмелі осы алты пәтердің алтауын да қазақ отбасылары жалдап тұрады. Ай сайын алты қазақ өлмелі орыс кемпіріне пәтер үшін 60 мың теңгеден шытырлатып тұрып санап береді. Ал ол ай сайын алты пәтерден түсетін 360 мың теңгені тура үйіміздің жанындағы «Қазпочта» бөлімшесінен Ресейге салып тұрады. Онысын өзі жасырмайды да.

«Өз зейнетақым өзіме және он бес мысығыма молынан жетеді. Ал пәтерден түсетін ақшамен Ресейдегі баламның отбасын асырап отырмын. Ресейде қазір жағдай жақсы емес қой», – деп қояды өзі тағы.

Мысық демекші, оның он бес мысығы бар. Қысы-жазы соларымен әлек болып жүреді. Естуімше, әжейдің зейнетақысы 90 мың теңгенің айналасында көрінеді. Ал менің жиырма жылдан бері мектепте мұғалім болып істейтін көршім (әйел адам) 24 сағат жүктемемен өліп-талып жүріп айына 80 мың теңге жалақыны әрең алады.

Айтуға оңай, әрине…

Марат МАДАЛИМОВ

baq.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде