jasqazaq.kz

55 автокөлікті заңсыз тіркегендер сотталды

19 желтоқсан 2024, 15:55

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ҚМА мәліметінше, бұған дейін тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталған. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде топ болып шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын ұйымдастырған.

Бұл міндетті төлемдер мен салықтың төленбеуіне және жалған құжаттарды пайдалануға әкеп соқтырды. Соның нәтижесінде мемлекетке 400 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.

JQ-Aqparat

Фото: kursiv.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде