81 жастағы Лян Цзыфу (Liang Zifu) мен 77 жастағы Ли Суин (Li Suying) үйлену тойынан кейін үңгірге қоныстанған. Себебі олардың үй салуға мүмкіндіктері болмаған. Жарты ғасырдан аса уақытта жұп үңгірде үш жатын бөлме, ас үй және шошқа сарайын ыңғайластырған. Жұбайлардың осы үңгірде өскен төрт баласы бар.

Басылымның хабарлауынша, жергілікті билік өкілдері жұбайларды райынан қайтаруға тырысқан. Алайда 50 жылдан аса отасқан жұп бұл ұсыныстан бас тартқан. Зейнеткерлер қыста жылы, ал жаздың аптаған ыстығында салқын болып тұратын үңгірге үйреніп қалғандарын айтқан.
