
Естеріңізде болса, осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Қытайдан атажұртқа оралған жесір ана — Мәуітхан Гүлжанның 50 мың долларын ШҚО Зайсан кеден бекетінде кеденшілер тәркілеп алған болатын.
Өзінің заңды мүлкінен айдың күннің аманында айырылып қалған кейуана кеденшілерді сотқа беріп, «Нұр Отанға» дейін шағымданған болатын. Бүгін ШҚО Зайсан ауданына қарасты аудандық сотта қандасымыздың мүлкіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
Сондықтан да бүгінгі Зайсандағы сот отырысына агенттіктің тілшісі арнайы барып қатысып отыр. Таңғы сағат 10-да басталған соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Өкінішке қарай, сот залына журналистің диктофонын да фотоаппаратын да кіргізбеген екен. Қазіргі кезде куәлардан, күдікті ретінде танылған адамдар мен осы іске қатысы бар тұлғалардан жауап алынды. Бұл туралы нақты ақпаратты алдағы уақытта да толықтырып беріп отырамыз.
BAQ.kz хабарлағандай, дегенмен зардап шеккен ананың мына видеосын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл сол сот отырысынан шыққанан кейінгі мәлімдемесі.
Ал сот шешімі бүгін кешке дейін шығып қалуы мүмкін.