jasqazaq.kz

50 миллион теңге бопсалаған блогерлер ұсталды

17 қараша 2023, 16:02

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Петропавлдағы сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалағандарды ұстады.
Рolisia.kz. хабарлағандай, қаладағы сауда желісі директорының арызы бойынша жедел іс-шара жүргізген СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жәбірленушіден 50 миллион теңге ақша бопсалағаны үшін Петропавлдың екі тұрғынын ұстады. 33 және 34 жастағы екі жас жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде көпшілікке танымал екен. 2022 жылдың басынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ұран еткен ер адамдар Петропавлдың сауда нүктелерінде рейдтер жүргізіп отырған. Блогер ретінде сауда желісі қызметкерлерінің қатысуымен арандатушылық сипатындағы бейнероликтер түсіріп, полиция мен өздері арасында жанжалды жағдайлар жасап отырған. Олар желідегі аудитория арасында онша танымал емес болып шықты.
YouTube арнасы мен Instagram желісінде бірнеше мың жазылушысы бар, көпшілігі СҚО тұрғындары. Арандатушылық пен жанжал кезінде мерзімі өткен өнімді сату фактісін желеу етіп жүрген. Алайда кей жағдайларда — шоколад, сусындар сияқты тауарлардың ақшасын төлемей өздерімен бірге алып кетіп отырған. Күдіктілер рейтдік шараларымен​ бірге мемлекеттік органдарға сауда орындарында анықталған заң бұзушылықтар туралы шағымдарды жіберген. Осындай әрекеттері арқылы​ бизнесті жоспардан тыс тексеруге себепші болды. Қыркүйек айының басында жастар бопсалау арқылы сауда желісінің өңірлік директорынан өз әрекеттерін тоқтатуға 50 млн теңге сомасында ақша талап ете бастаған, алайда оларды СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалау арқылы талап етілген соманың 5 млн теңге көлеміндегі бір бөлігін алып жатқан жерінде ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тінту шаралары мен тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры