jasqazaq.kz

5 мыңнан астам алаяқтық хабарлама бұғатталды

26 мамыр 2025, 14:07

Алматы облысы прокуратурасы мен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ірі онлайн-платформалар (Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz) өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырылды.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде алаяқтық әрекеттер белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, тағы 7 мың аккаунт тексеру үстінде.
Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу тақырыптарымен байланысты.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Олар басқаларға тиесілі нысандардың жалған фотосуретін пайдаланып, «бронь» үшін алдын ала төлем талап еткен.
Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал етті.
Прокуратура онлайн-сатып алулар кезінде сақ болуға, цифрлық платформалардағы хабарландырудың шынайылығын міндетті түрде тексеру керектігін ескертеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы