jasqazaq.kz

5 миллион теңге: Тойға шақыруға ең қымбат әнші кім? (Видео)

09 мамыр 2025, 0:21

Сурет: Depositphotos.com

Отандық өнер жұлдыздарының бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық. Бұл туралы КТК тілшілері жүргізген сауалнамада белгілі болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақыру үшін 5 миллион теңгеңіз болуы керек.

Әншілердің той-бизнестегі табысы таңдай қақтырады. Мәселен, Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл соммаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды. Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді.

Әнші Айқынның шарты да осындай. Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал. Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен. Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі