jasqazaq.kz

5,5 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны анықталды

14 сәуiр 2023, 10:53

Былтыр ғарыштық мониторинг аясында 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған, олардың 77%-і жойылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдуәлиев мәлімдеді.

«Ғарыштық мониторинг аясында 2022 жылы рұқсат етілмеген 5 683 қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-і немесе 4331-і жойылды. Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында анықталды. Ал осындай үйінділерді жою бойынша ең төмен көрсеткіштер Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында тіркелді», — деді ол.
Ол үкімет әкімдіктерге 2023 жылғы 1 маусымға дейін барлық рұқсат етілмеген полигонды жою туралы тапсырма бергенін еске салды. Биыл пайда болған қоқыс үйінділері туралы ақпаратты Қазақстан ғарыш сапары 15 сәуірге дейін жариялайды.
Әбдуәлиевтің айтуынша, заңсыз қоқыс орындарымен күрес мәселесінде тұрғындар маңызды рөл атқарады. Мәселен, наурыз айында Ақмола облысы Жібек жолы кентінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз тасталуына шағымданған.
Бұл факті бойынша облыстық экология департаменті Аршалы әкімдігімен бірлесіп, жергілікті тұрғындармен және құрылыс компанияларымен кездесті. Нәтижесінде Есіл өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура