jasqazaq.kz

48 орталық пен жергілікті атқарушы органның ашықтық деңгейі бағаланды

28 шiлде 2025, 19:58

Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында елімізде мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дамуда.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл бағыттағы маңызды құралдардың бірі – epetition.kz платформасы. Аталған цифрлық алаң арқылы азаматтар бір мыңнан астам петиция жолдап, қоғамды толғандыратын мәселелермен танысуға мүмкіндік алды. Портал қоғамдық бастамаларды білдірудің және мемлекеттік органдардың назарын өзекті тақырыптарға аударудың тиімді арнасына айналуда.
Мемлекеттік басқаруда ашықтық пен есептілікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы жүктелді. Есепті кезеңде 61 ақпарат иесіне қатысты тексеру жүргізіліп, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабында көзделген нормалар бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде ресми хабарламалар жолданды.
Азаматтардың өтініштерін қарау мәдениетін жетілдіру мақсатында елордадағы Азаматтарды қабылдау орталығының тәжірибесі еліміздің барлық өңірлеріне енгізілді. Бүгінде республика бойынша 150-ден астам осындай орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтарда азаматтар мемлекеттік қызметтерге жүгініп, әкімдік өкілдерінен кеңес сұрап, белгіленген кесте бойынша жеке қабылдауға жазыла алады. Орталықтардың инфрақұрылымы тұрғындардың әртүрлі санаты үшін қолайлы әрі қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ашықтық индексі бойынша алдын ала нәтижелер жасалып, олар Мемлекет басшысы Әкімшілігінің және орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен жиында ұсынылды. Бұл бағалау 48 орталық және жергілікті атқарушы органның қызметін қамтыды.
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың цифрлық әрі институционалдық тетіктерін дамыту – тиімді басқаруды қамтамасыз етуге және халық сенімін нығайтуға бағытталған қазіргі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.
JQ-Aqparat

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания