jasqazaq.kz

48 миллион теңге грант ұтқан мектеп

18 сәуiр 2023, 11:55

Алматы қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты былтыр үздік ұжым аталымын иеленді. Білім көрсеткіші жоғары оқу ошағының директоры Эльбрус Пириев мырзадан шағын сұхбат алдық.
– Алғашқы сауалымызды білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен бастасақ. Жуырда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Соның бірі — сіздердің лицей. Мұнда соңғы рет қашан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді?

– 1993 жылдан бастап ешқандай күрделі жұмыстар жасалмады, соңғы рет лицейдің күрделі жұмыстары 2022 жылдың мамыр айында басталып, міне, аяқталып келеді.
– Сейсмикалық нығайту, қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша тіреу қабырғалар құйылды ма? Күрделі жөндеу көрмегеніне 30 жыл болған білім ошағының қауіпсіздігі аса маңызды ғой.

– Әрине, «сақтансаң сақтаймын» деген, сейсмикалық нығайту, қауіпсіздікті арттыру мақсатында арнайы қосымша қабырғалар қаланып қойылды.

– Жөндеу жұмыстары қала әкімдігінің қамқорлығы арқасында білім басқармасының қолдауымен, қаржы бөлдіруімен жүзеге асып жатқаны белгілі. Қала басшылығы білім саласына да бей-жай қарамайды деп толыққанды айта аламыз ғой.


– Айта аламыз, себебі жөндеу жұмыстары қала әкімдігінің қамқорлығы аясында, білім басқармасының қолдауымен және Алматы қаласы әкімінің қаржы бөлуімен жүзеге асырылды. Осы маңызды кұрылыс жүйесіне мол септігін тигізіп, жасөспірім ұрпақтың сапалы да саналы білім алуына үлесін қосқандықтан толыққанды айта аламыз. Е.Досаев мырзаның қолдауымен лицейімізде оқушылар заман талабына сай салынған лабораториялық пәндік кабинеттерде білім алуына және жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік алдық.

– Педагог мәртебесі мектеп ұжымының жетсітігіне де тікелей қатысты. Өзіңіз басшылық ететін «Білім-инноваация» лицейінің тарихына, оқушылардың жетістігіне қысқаша тоқтала кетсеңіз.

– Қасым Аманжоловтың «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» дегеніндей, біздің мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінде оқитын оқушыларымызыдң соңғы үш жылдағы олимпиада жарысынан алған көрсеткіші көп жәйтті аңғартады деп ойлаймын. Пәндік олимпиада сайыстарында биылғы оқу жылында 15 оқушымыз 1-орын, 14 оқушымыз 2-орын, 12 оқушымыз жүлделі 3-орын иеленді. Ал енді республикалық олимпиада додасынан 5 алтын, 7 күміс, 7 қола медаль біздің шәкірттерімізге тиді. Халықаралық олимпиада сынында 2 оқушымыз қола медальмен оралды.


2022-2023 жылдың 13-18 ақпан аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада өтті. 9-11 сыныптардан 57 оқушысы қатысты. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен Алматы қаласының олимпиадасында 13 оқушымыз алтын, 8 шәкіртіміз күміс, 6 баламыз қола медаль 1 оқушымыз грамота алса, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқушыларымыз 4 күміс, 5 қола медаль олжалап қайтты.

– Педагог мәртебесі дегенді тегін сұрап отырғанымыз жоқ. Өзіңіз басшылық ететін лицейге осы жылы бірнеше марапат бұйырды. Мұғалімдердің біліктілігі мен білім деңгейінің жоғары екенін айқындай түсетін осы марапат туралы айтып берсеңіз.


– Оқушыларымыздың жетістігі бір төбе болса, ұстаздарымыздың табанды еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Осы оқу жылының бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша еліміздегі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері арасындағы «Оқу сапасы көрсеткіші ең жоғары мектеп аталымымен» Алматы ер балалар «Білім-инновация» лицейі марапатталды.
«Ең үздік олимпиадалық мектеп-2022» деп аталатын номинация да былтыр бізге бұйырды. Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін мектеп ұжымына берілетін атақ. Бұған да ұстаздарымыз оқытқан оқушыларының жетістігі нәтижесінде қол жеткіздік. Мұғалімдеріміздің мәртебесін көтерген тағы бір марапат Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қаулысымен берілген «Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы» гранты да біздің ұжымға берілді. Қала басшысының қолынан лицейімізге 48 миллион теңге грант бөлінді. Әкімдік тарапынан жасалып жатқан мұндай қолдаулар мұғалімдерді қанаттандырады, шәкірт тәрбиелеуге деген құлшынысын арттыра түседі.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

 

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата