jasqazaq.kz

4198 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12 қыркүйек 2016, 2:33

Прокуратура органдары 2015 жыл мен биылғы жылдың алты айы бойынша көші-қон заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген кезде осы кезеңде облыс аумағына 30 мыңнан астам шетелдік азамат келгендігін анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жыл сайын келушілер саны көбейе түсуде. Егер олардың саны 2014 жылы 9 мыңға жуық болса, өткен жылы 21 мыңға жеткен.

Осы уақытта көші-қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4198 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұның негізгі бөлігі Өзбекстан (25 пайыз) мен Ресей Федерациясы (15 пайыз) азаматтарының үлесіне тиеді.

Талдау көрсеткеніндей, шетелдіктердің көбінің келу мақсаты олардың визасына сәйкес келмейді. Оған қоса заңсыз келушілер құқықбұзушылықпен қатар заңсыз жұмыс жасайды, бұл мемлекеттің экономикалық мүддесіне қайшы келеді. Сондықтан мұндай азаматтарды сот қаулысымен ел аумағынан шығару жазасы қолданылады. Атап айтқанда, облыс соттары шетелдіктерді ҚР аумағынан шығару туралы 163 қаулы енгізген. Өкінішке қарай, сот актілерінің орындалуын ішкі істер органдары жете бақыламайды. Соның салдарынан заң бұзылып жатады. Осыған орай облыс прокуратурасы заңбұзушылықтарды жою туралы БҚО ішкі істер департаментіне ұсыныс енгізді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде