jasqazaq.kz

40 өзен-көлдің су сапасы нашар

18 мамыр 2023, 17:11

Қазақстандағы 130 су нысаны, оның ішінде 84 өзен, 29 көл, 13 су қоймасы, 3 канал және 1 теңіз суының сапасы тексерілді. Тексеру нәтижесінде 40 су нысанында сапа ең төмен екені анықталған. Соның 33-інде ластану деңгейі өте жоғары болды. Мұны Сенат депутаты Амангелді Төлемісов сауалында көтерді.

Депутаттың айтуынша, мамандар анықтап отырған ластанудың басты себептерінің бірі – тазартылмаған судың өзен-көлдерге ағуы. Бұл бағытта талапты бұзып отырғандар қатарында өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар мен басқалары бар.

«Былтыр Алматыдағы «Алтын орда» базары аумағында «Altyn Orda Qaz Trade Ltd» ЖШС-ны тексеру барысында шаруашылық-тұрмыстық қажетке пайдаланылатын су тарту құрылғысы табылғаны белгілі. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган базарға арнайы су пайдалануға рұқсат бермегені жайлы ақпарат анықталды. Тіпті, су көлемін өлшеу жабдықтары да жоқ болып шыққан. Ал санэпидқадағалау мамандары базар аумағынан лас су Ақсай өзеніне төгіліп келгендігін де сол кезде ғана анықтаған. Міне, осындай нысандардың елімізде жоқ екеніне кім кепіл? Су ресурстары комитетінің және оның Су қорын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының штат санын ұлғайту керек. Су ресурстарын пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілік деңгейін арттыру үшін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бақылаудың жаңа нормаларын қарастыру орынды», — деді А. Төлемісов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында. Депутат су ресурстарын тиімді пайдалану үшін қадағалау органдарының жұмысын заңнамалық тұрғыда реттеуді, осы олқылықтар мен заң бұзу деректерін тұрақты тексерулер арқылы анықтауды ұсынды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі