jasqazaq.kz

4 жасар бала анасының өмірін сақтап қалды (видео)

27 наурыз 2017, 9:40

Ұлыбританияда төрт жасар бала анасының өмірін сақтап қала алды.

Ес-түссіз жатқан анасының үстінен түскен бала, анасы пайдаланатын iPhone-ды тауып Home батырмасын басады. Осылайша Siri-ді шақырған.

Дыбыстық көмекші баланы шұғыл қызметпен байланыстырады. Бала оларға анасының тыныс алмай, қозғалыссыз жатқанын айтады. Ол диспетчердің сұрақтарына сенімді түрде жауап берген. Диалогтың жазбасы Youtube порталында да жарияланды.

Қызметкерлер Роман есімді баланың мекен-жайын білген соң, ол жерге дереу полиция мен фельдшерлер тобы келіп жеткен. Дәрігерлер әйелдің өмірін құтқарып, оны жедел ауруханаға жеткізеді. Әйел содан соң есін жиған.

Егер Siri арқылы хабарласпағанда, баланың анасының жағдайы не боларын болжаудың өзі қиын. Анығында бала ондай сәтте қай батырманы басу керек екенін нақты білмеген. Бұл туралы The Next Web басылымына сілтеме жасай отырып, stan.kz хабарлайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде