jasqazaq.kz

4 мың жыл бұрынғы картоп табылды

28 желтоқсан 2016, 8:41

Канада ғалымдары Британия Колумбиясының батпақты аумағынан 3,8 мың жыл бұрынғы бақшаны тапты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, мұнда көкөніс су астында инженерлік құрылғы көмегімен өсірілген, деп жазады livescience.com. Ежелгі бақшаны Саймон Фрейзер университеті мен Katzie Development Limited Partnership археологиялық ұйымының мамандары тапты. Қазба жұмыстары барысында 150 көне еңбек құралы мен 4 мыңдай вапато, немесе үндіс немесе үйрек картофелі табылды. Оны өсіру үшін су қабаты керек, ал ежелгі адамдар суды тоқтату үшін тастармен бақшаны қорршаған. Қазіргі уақытта вапато жергілікті тұрғындардың ас мәзірінде әлі бар, алайда ол әдемге кең таралмаған. Солтүстік Американы шарлаған этнографтар үндіс картобының дәмі үйде пісірілген нанға ұқсайды деп жазады. Батпақты жердегі көкөніс жақсы сақталған. Радиокөмірқышқылды талдау адамдар бұл жерді 3800 жыл бұрын өңдегенін, алайда 3200 жыл бұрын тастап кеткенін көрсеткен.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде