jasqazaq.kz

374 ауылда мектеп, 256 ауылда медпункт жоқ

05 маусым 2023, 14:27
uralskweek.kz

Фото: uralskweek.kz

Еліміздің шекаралық аймағында орналасқан 374 ауылдық елді мекенде білім беру объектілері жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі көпшіліктің талқысына шығарған «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында» жазылғанын мәлім етті.

«Білім беру саласындағы проблема білікті кадрлардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы болып табылады. 2022 жылғы мәліметтер бойынша 374 шекара маңындағы ауылдық елді мекенде білім беру объектілері жоқ. Шекара маңындағы аудандарда халыққа денсаулық сақтау қызметтерін 1 028 медициналық ұйым көрсетеді. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблема — дәрігерлер мен медициналық персоналдың жетіспеушілігі, сондай-ақ, 256 ауылдық елді мекенде медициналық объектілердің жоқтығы» деп жазылған құжатта. Сонымен қатар 671 ауылда спортпен шұғылданатын нысан, ал 715 елді мекенде мәдениет үйі жоқ.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі