jasqazaq.kz

37 градус аяз: ШҚО-да оқушылар қашықтан оқып жатыр

18 желтоқсан 2024, 10:13

Ауа райыының қолайсыздығына байланысты ШҚО-ның бірнеше ауданының оқушылары онлайн форматта оқып жатыр.

ШҚО білім басқармасының мәліметінше, қашықтан оқуға келесі аудан оқушылары ауыстырылды:

Күршім ауданы:

Ауа температурасының -23-тен -29 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысым оқушылары мектепке бармайды. «Үшбұлақ орта мектебі» КММ 0-11 сыныптары қашықтан оқиды.

Алтай ауданы:

Ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендеуіне байланысты келесідей мектептерде 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды:

«Первомай орта мектебі» КММ;

«Первороссийская орта мектебі» КММ;

«Средигорненское орта мектебі» КММ;

«Новокрестьян бастауыш мектебі» КММ;

«Подорлов бастауыш мектебі» КММ;

«Крестов бастауыш мектебі» КММ;

«Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ.

Ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеуіне байланысты келесідей мектептерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды:

Алтай қаласының мектептері;

«Тұрғысын орта мектебі» КММ;

«Леснопристан орта мектебі» КММ;

«Путинцев орта мектебі» КММ;

«Зубов орта мектебі» КММ;

«Маяк орта мектебі» КММ;

«Быков негізгі мектебі» КММ.

Ауа температурасы -34-тен -37 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-11 сынып келесідей мектептерде оқушылар қашықтан оқиды:

«Чапаев орта мектебі» КММ;

«Михаил Бикетов атындағы орта мектеп» КММ;

«Соловьев орта мектебі» КММ.

Марқакөл ауданы:

Ауа температурасы -30-дан -37°C-қа дейін төмендеуіне байланысты келесідей мектептер қашықтан оқиды:

«Ұрынхай орта мектебі» КММ (1-9 сыныптар);

«Шанағаты орта мектебі» КММ (0-4 сыныптар).

Самар ауданы:

Сынап бағанасы -30°C көрсеткенде «И. Яроцкий атындағы негізгі мектебі» КММ 0-4 сыныптары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Ұлан ауданы:

Ауа температурасы -27-ден -29°C-қа дейін төмендеуіне байланысты «Гагарин орта мектебі» КММ 0-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.

inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі