jasqazaq.kz

3670 интернет казино бұғатталды

29 маусым 2023, 15:29

Осы жылдың қаңтар айынан бері 3670 интернет казино бұғатталды. Бұл жайында мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясына тоқтам қойылды. Лицензиялық алымды төлеу қарызы, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да кемшіліктер негіз болды. 2022 жылы комитет 4 ойын автоматтары залына жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 1 зал жабылып, лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды. «Онлайн казинолар, атап айтқанда, олардың жарнамасы оңай жеңіске жетуге уәде береді, осылайша құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензиясын алып қою жұмысы жүргізіліп жатыр»,-деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. Одан сырт ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп анықталған интернет-казиноларды бұғаттау туралы ақпаратты қарау мерзімін қысқарту жөнінде шаралар қабылданды.

JQ-Aqparat

Фото: uralskweek.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі