jasqazaq.kz

32 жастағы ана мен оның сәбиін өлтіріп алған акушерлер соты болды

13 мамыр 2017, 15:30

Атырауда акушерлер сот алдында жауап беріп жатыр.

Жергілікті перзентхананың 3 қызметкері 32 жастағы Гүлдана Жекенованы босандыра алмай, ақыры баласы екеуін өлтіріп алды деп айыпталған болатын, деп хабарлайды КТК арнасы. “Кәсіби міндеттеріне салғырт қарады” деген баппен істі болған үш акушер де кінәларын толық мойындаған. Тіпті, жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беріп, олардың кешірімін де алыпты. Енді прокурормен процессуалдық келісімге келуге ниетті. Еске салсақ, Гүлдана Жекенова құрсағындағы шаранасымен бірге былтыр желтоқсанда қалалық перзентханада көз жұмған. Сараптама оның ауа жетпей және жатырының жыртылып, көп қан кету салдарынан көз жұмғанын анықтады. Дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілгенде ана мен баланы аман алып қалуға болады екен. Осы іс бойынша құрылған арнайы комиссия да осындай тоқтамға келген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде