jasqazaq.kz

300 000 $ инвестиция құйған шетелдікке иммигрант визасы беріледі

19 сәуiр 2023, 17:05

Ел экономикасына 300 мың доллардан артық инвестиция құйған шетел азаматтарына иммигрант визасы берілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелден бизнес инвестицияларды тарту мәселесін көтерді. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес, шетелдік бизнес инвестициясын көбірек тарту мақсатында, процесті жеңілдету жағы қаралып жатыр. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан артық инвестиция құйған шетел азаматтарына жаңа яғни иммигрант визасын беру», — деді Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ иммигрант визасын алған шетелдіктерге елімізде 10 жылға дейін тұруға ықтияр хат беру жағы да қаралып жатыр.

«Бізде шетел азаматтарына инвестициялық виза берудің мүмкіндігі мол. Себебі олар елімізде жаңа жұмыс орындарын ашады және қазынаға салық төлейді», — деді Ілияс Оспанов.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура