jasqazaq.kz

30 жыл отасқан күйеуін қылқындырып өлтірген (Видео)

15 қазан 2024, 9:57

Түркістанда өз күйеуін өлтірген көпбалалы анаға үкім шықты. 30 жыл отасқан жұбайын қылқындырып тастаған Лобар Қажиева енді сегіз жыл түрмеде отырады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жаға ұстатарлық жағдай сәуір айында Сайрам ауданында болған. Еш жерде жұмыс істемейтін күйеуінің мас болғанына ашуланған 50 жастағы әйел оны белдікпен буындырып тастапты. Тергеу кезінде күйеуі күн көрсетпегенін және мүгедек бала туғанын бетіне баса беретінін айтып ақталыпты. Осындай қорлықтан құтылу үшін қылмысқа барған екен. Оның сөзін көршілері де растаған. Сондықтан судья төрт баланың анасына «кісі өлтіру» бабы бойынша қарастырылған ең жеңіл жазаны тағайындап, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Сәкен Тұрғынбаев, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы: — Күйеуі оның алдында өзінен ақша талап етіп, ішімдікке жұмсаймын деп, бір жарым мың теңгесін үйінен алып кеткен. Содан кейін үйіне мас келген кезде, сонда да жанжалды жалғастырып, өзі насыбай атып алған екен, насыбайын бетіне түкіріп, соның бәріне шыдамай, қасында ешкім болмағанын пайдаланып, артынан келіп, жемпірдің белбеуімен қылқындырып өлтірген.

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі