jasqazaq.kz

3 пәтер, 5 автокөлік: ерлі-зайыптылар баланың еміне жиналған ақшаны өздеріне жұмсаған

29 шiлде 2025, 10:42

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті ұлының еміне қаражат жинау үшін кең көлемді жарнама науқанын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың қатысуымен көрсетілген бейнероликтер, әсерлі жазбалар Instagram және Facebook арқылы жүргізілген таргеттелген жарнама мыңдаған қазақстандықтың жүрегіне әсер еткен.
Жұрттың аяушылығые пайдаланған күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам ақша жинаған. Бірақ баланың еміне 6,4 миллион теңгені ғана жұмсаған.
Қалған қаржыны ерлі-зайыпты өз қажеттілігіне жұмсаған.
Олар Астанада 3 пәтер, жер телімін, 5 автокөлік сатып алған. Ақшаның бір бөлігін құмар ойындарына жұмсаған.
Қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігін (481 миллион теңгеден астам) әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға бағыттаған. Meta Ads арқылы жүргізілген жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.
Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деп, қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салғаны да белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған мүліктердің барлығына тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды.
JQ-Aqparat
Сурет: ҚМА бейнежазбасынан

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды