jasqazaq.kz

3 келіден аса есірткі сақтаған

18 қантар 2017, 18:07

Қызылордалық полицейлер 3 келіден аса есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады. Бұл туралы  Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлайды.

Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын аса ірі көлемде сақтап жүрген қызылордалық 1974 жылғы тұрғынды анықтап, құрықтады.

«Сезіктінің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат және есірткіге ұқсас заттек салынған сөмке анықталды. Аталған заттар заттай айғақ ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша, зат салмағы 3 келі 425,17 грамм болатын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті тұлға оқиға орнынан ұсталып, Қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде