jasqazaq.kz

3 боксшымыз әлем чемпионы атанды

04 желтоқсан 2023, 11:56

Армения астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдердің әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz. Күні кеше қыздар арасындағы ақтық сындар өтті.

Нәтижесінде 3 бірдей жерлесіміз өте белсенді қимылдап, айқын басымдықпен ұтты. Атап айтқанда, 54 келідегі Аяжан Сыдық пен 60 келідегі Толғанай Қасымхан қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, 66 келідегі Айсұлу Мұхит соңғы сында румыниялық Амалией Тугуимен жолығып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық команда қоржынындағы алтындар саны тағы да артуы мүмкін. Өйткені, бүгін ұлдар арасындағы финалдық кездесулер өтеді. Оған Қазақстан құрамасы сапынан Нұрасыл Төлебек қана жолдама алды. Ол 54 келіге дейінгілер арасында бағын сынайды.

Жуырда ғана елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев кеңейтілген отырыс өткізді және оның барысында аталмыш әлем чемпионатындағы нәтиже көңіл көншітпейтінін алға тартты. Сәйкесінше, құзырлы федерация мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі