jasqazaq.kz

280 келі есірткі заты тәркіленді (Видео)

10 шiлде 2023, 19:24

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан “Сарғау” учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz порталы мәлім етті.
Есірткінің заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция облыстың полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. Бірқатар іздестіру іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша сарайдан жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық және жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды.
– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі