jasqazaq.kz

26 миллион тенгені қолды етті

17 мамыр 2016, 17:57

photo_19178

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Үржар селосындағы сауда орталығынан ірі көлемде ақша ұрлап кеткен үш қаскөйді ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BNews.kz. Олар кәсіпкерлердің 26 млн теңгесін қолды қылған.

Оперативтік-іздеу шаралары барысында полицейлер ұрылардың сауда үйінің екінші қабатына жауын суы ағатын құбыр арқылы көтерілгенін анықтады. Қарақшылар зергерлік салон орналасқан сауда орталығына терезесін сындырып енген. Ондағы метал сейфтерді бұзып, шыны сөрелерді шағып, зергерлік бұйымдар мен жалпы сомасы 26 миллион теңгеден асатын ақшаны ұрлап кеткен, деп мәлім етті ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Ұрылардың үшеуі де бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған 22 жастағы Үржар селосының тұрғындары болып шықты.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде