jasqazaq.kz

2500 теңгеге порнографиялық бейнеролик сатқан телеграм-канал анықталды

27 наурыз 2025, 13:45

Интернет желісінде кәмелетке толмағандардың порнографиясы анықталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы «Telegram» әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты.
Осы дерек бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.
Тексеру кезінде «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.
Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.
Желі аудиториясы — Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.
14 наурызда облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды.
Ұйымдастырушының бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Қазір ол қамауда.
Қылмыстық кодекстің 311-б. және 312-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жүріп жатыр.
Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда оларды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алады.

JQ-Aqparat

Фото: aif.ru

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі