jasqazaq.kz

250-ден астам салымшы: «Buyers Union» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды

31 наурыз 2025, 9:39

Сурет: Видеодан кадр

2025 жылғы 26 ақпан күні Қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.

Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген.
Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған.

Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.

Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған.

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етугежатпайды.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі