jasqazaq.kz

250 адам эвакуацияланды: Жамбыл облысында мейрамханадан өрт шықты

30 қыркүйек 2024, 10:09

Жамбыл облысының Б.Момышұлы ауылында мейрамхана өртеніп, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.

Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, Төтенше жағдайлар департаменті психологтары және 12 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, иіс тиген үш адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Өрттің себебі анықталып жатыр.

JQ-Aqparat

Сурет: Видеодан кадр
Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды