jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева бірқатар халықаралық кездесу өткізді

25 қараша 2016, 22:30

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды қабылдады. Екіжақты қарым-қатынастардың болашағы туралы пікір алмасу шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Джордж Крол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында АҚШ конгрессмендерінің Астанаға  келуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметінен. Д.Назарбаева Парламенттің және Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің заң шығарушылық қызметі туралы Елшіні хабардар етті. Тараптар сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері және соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселесін де талқылады.

dari-a

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Гурм бин Саид Әл Малханмен кездесуі барысында олар Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың Сауд Арабиясына жуырдағы сапары нәтижелері аясындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгіме болды. Дипломат сенаторды Қазақстанға 3,4 млн доллар көлемінде медициналық құрылғының қойылғанынан хабардар етті. Сенатор Сауд Арабиясы басшылығына көмегі үшін алғысын білдіре келе, Корольдік біздің елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларға қолдау білдірген алғашқы елдердің бірі болғанын және Қазақстанның әлеуметтік маңызға ие мақсаттарға қол жеткізуі жолында  қолдауды жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

????????????????????????????????????

Сондай-ақ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі генерал-лейтенант Шауль Мофазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудің Астанаға ағымдағы жылдың желтоқсанына жоспарланған ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі қажеттігін атап өтті. Д.Назарбаева жаһандық қауіпсіздікті нығайту, лаңкестікпен күрес және өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілету тұрғысында екі елдің ұстанымдарының жақындығын атап өтті.

????????????????????????????????????

ҚазАқпарат

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт