jasqazaq.kz

24 адам көшкіннің астында қалып қойды

29 сәуiр 2017, 16:37

Қырғызстанның Ош облысы Өзген ауданы Зергер ауылдық округіндегі Аюу ауылы маңында бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат жетіге қарай көлемі бір миллион текше метрді құрайтын көшкін жүріп, жеті үйді тас-топырақ басып қалған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Төтенше қызметтің алдын ала мәліметі бойынша, топырақ астында қалған үйлерде 24 адам тұрған деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Төтенше оқиға болған жерде жүз адамнан тұратын құтқару тобы жұмыс істеп жатыр.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзгендегі апатқа байланысты үндеуінде бұған дейін билік орындарының қауіпсіз жерге көшу туралы талабына тұрғындардың немқұрайлық танытқанына қынжылыс білдірген.

Атамбаев апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетуді төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Бороновқа жүктеген.

Сонымен бірге президенттің тапсырмасы бойынша апат құрбандарын аза тұту күні туралы жарлық әзірленіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде