jasqazaq.kz

21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды

08 қыркүйек 2016, 15:42

bezymyannyy-23

Оңтүстік Қазақстанда 21 нәрестені сатып, істі болып жатқан әйел бұл қадамға қалай барғаны жайлы КТК тілшісіне айтып берді.  Шымкенттегі №1 перинаталдық орталық акушерлерімен бірге шақалақтарды сатып келген Эльмира Дәулетова бар кінәні сол ақ халаттыларға жауып отыр.

Өзінің де кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар жалғызбасты ана нәресте сатумен 2012 жылдан бері айналыса бастаған. Перзентханада сәбиінен бас тартқан аналарға келіп, баласын беруге үгіттеп отырыпты. Медициналық мекемеде жұмыс істемейтін оны дәрігерлер өздері делдал ретінде шақыртатын көрінеді. Сөйтіп, Дәулетова бір жыл ішінде 21 тастандыға жаңа ата-ана тауып берген.

Бала саудасы 2013 жылы әшкере болған кезде өзі перзентхананың екі дәрігерін, құжат жасауға көмектескен АХАЖ бөлімінің қызметкерін, тағы екі сыбайласын полицияға тапсырыпты. Қазір олардың барлығы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Енді өзіне де қатысты үкім оқылатын күн таянғанда, 35 жастағы әйел қылмыс жасағанымды білген жоқпын деп ақталуда.

«Жаңа туған шақалақтар жетім қалмас үшін көмектескім келді. Менің іс-әрекетімнен ешкім зардап шеккен жоқ қой. Қайта асырап алушылар осы күнге дейін рахмет айтады. Егер мені соттап жіберсе балаларым қайда барады? Олар да тірі жетім атанбай ма?», – дейді күдікті Эльмира Дәулетова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде