jasqazaq.kz

2030 жылға дейін 4 газ өңдеу зауыты іске қосылады

16 шiлде 2024, 11:14

Елімізде 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. 
Энергетика министрлігінің болжамды балансына сәйкес, елде тауарлы газ өндіру көлемі 2023 жылғы 22,5 млрд м3-ден 2030 жылға қарай 36,6 млрд м3-ге дейін тұрақты өседі. Сөйтіп өндіріс көлемін 1,6 есеге арттыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жаңа газ кен орындарын барлауға және игеруге инвестициялар тарту шеңберінде QazaqGaz бен Chevron арасында Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Тауарлы газдың ресурстық базасын ұлғайту Жол картасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Жол картасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы Рожковское, Шығыс Өріктау, Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
2026-2030 жылдар аралығында төрт газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен іске қосу басталады.
Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3 2 зауыт (Қатар инвесторы UCC Holding тартылды), Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд м3,  сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауыты салынады.
JQ-Aqparat

Сурет: ғаламтор

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін