jasqazaq.kz

2027 жылдан бастап кәмелетке толғандар декларация тапсырады

31 наурыз 2023, 14:15

Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында өтіп жатқан форумда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет подполковнигі Жігер Байділдин мәлім етті.
«Қабылданатын заңдағы негізгі новелланың бірі — негізсіз баю мәселесі. Бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ажырамас бөлігі. 2020 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары) өздерінің активтері және міндеттемелері туралы жалпылама декларация тапсырды. Заң жеке тұлғалардың салық салуға байланысты декларациясында көрсетілген шығыстарымен қарастырып жатыр. Егер алшақтық болса, онда олар 10 пайыз көлемінде, яғни асып кеткен сомадан жеке бас табыс салығын төлейді. Егер шенеуніктердің негізсіз баюын көрсек, декларацияларында асып кеткен жалпылама сомадан асып кеткен қаржының 10 пайызын төлеуге тиіс. 10 пайыздық салықты өндіріп алумен бірге, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі санкцияларды енгізу арқылы күшейтіліп отыр. Сондай-ақ шенеуніктің кірісі мен шығысы сәйкес келмеген жағдайда оның шығысының заңдылығын қарастыру 2027 жылға дейінгі мерзімге дейін айқындалған болатын. Осы кезеңнен бастап тұрғындардың мүлкі және активтері жөнінде қараймыз. Өйткені 2027 жылдан бастап кәмелетке толған азаматтың барлығы декларация тапсырады, — деді Жігер Байділдин.
2026 жылдан бастап олар кірісі және мүлкі жөнінде декларация тапсырады. Сонымен бірге активтер мен міндеттемелер бойынша бірінші есепті жыл тексеруге жатпайды. Тек 2027 жылдан бастап шығыс-кіріс бөліктері салыстырыла бастайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен бірге декларацияны тапсыру квазисектор субъектілерінің декларацияны тапсыруын қадағалайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта